Асан Дарбаев ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды

Асан Дарбаев ТМРК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды

Бүгін, 2022 жылғы 11 ақпанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық бөлімше ұжымымен кездесіп, департаменттің жаңа басшысын таныстырды.

ТМРК СҚО бойынша департаментінің басшысы болып осы уақытқа дейін ведомствоның орталық аппаратында Жылумен жабдықтау саласындағы реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарған Дамир Сабырұлы Тоқтамысов тағайындалды.

Тарифтік ведомство басшысы тариф қалыптастыру саласының күрделі, маңызды және әлеуметтік сипатқа ие екенін ескере отырып, Дамир Тоқтамысовтың аталған салада тәжірибесі мол екенін атап өтті.

ТМРК департамент  қызметкерлерінен басқа кездесуге «Севказэнерго» АҚ (2-ЖЭО), «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС-ның басшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Бүгінгі кездесудің басты мақсаттарының бірі еліміздің солтүстік өңіріндегі тарифтік реттеушінің жаңа басшылығының алдына міндеттер қою болып табылады», - деп атап өтті Асан Дарбаев.

ТМРК төрағасы ағымдағы жылыту кезеңінде Петропавл халқының алдында тұрған проблемалар туралы еске салды.

 «Осы жылыту кезеңінде 2-ЖЭО-да бірнеше апат орын алды, соның салдарынан қала тұрғындары пәтерлерінде суыққа төзуге мәжбүр болды. Ай сайын аймақ тұрғындарына келетін жылу шығындары үшін төлемдер, бірақ бүгінде бұл мәселе бойынша сот ісі жүріп жатыр, бұл бөлек тақырып», - деп атап өтті ТМРК  басшысы.

Асан Дарбаев ТМРК СҚО бойынша  департаментіннің жаңа басшысына өңірді жылумен қамтамасыз етудегі іркілістерге және тұтынушыларға жылу шығындары үшін шығыстарды есептеу заңдылығына байланысты проблемаларды шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді, сондай-ақ бұл мәселелер жылыту маусымының аяқталуын күтпей, жақын арада шешілуі тиіс екенін нақты жеткізді.

«Сапасыз жылумен қамтамасыз еткені үшін және осы жылыту кезеңінің соңғы айларында тұрғындар төлеген жылу шығындары үшін халыққа ақшаны қайтару мүмкіндігін табу қажет», - деп қорытындылады Асан Дарбаев.

Кездесу соңында БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарды ТМРК басшысына қоя алды.