
Енді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің міндеттерін ведомствоның Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы Досхан Нұрғалиұлы Нұрғалиев атқаратын болады (Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережеге сәйкес).
Бұған дейін Досхан Нұрғалиев Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет органдарында жұмыс істеген.
Әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі өте маңызды екені белгілі, өйткені оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілеу және олардың сақталуын жүйелі бақылау болып табылады, бұл халықтың мемлекеттік органға деген сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен жалпы қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға ықпал ететін болады.
Этикалық бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін үнемі жетілдіру мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік органның кәсібиленуіне оң әсер ететіні сөзсіз.
Комитет қызметкерлері мен азаматтар Әдеп жөніндегі уәкілге консультация алу, проблемалық жағдайларды реттеу, мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен, сондай-ақ қызметкерлердің өздерінің ведомство ішіндегі әріптестерімен өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу үшін жүгіне алады.
Комитеттің Әдеп жөніндегі уәкілінің телефоны және электрондық поштасы: 8 (7172) 74-38-44, d.nurgaliev@economy.gov.kz.