ТМРК коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді

ТМРК коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді

 Бүгін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде кезекті және жаңа жылдағы алғашқы қоғамдық қабылдау өтті.

Белгілі болғандай, қаңтар айында ел өңірлерінде интернет байланысының болмауына немесе тұрақсыз болуына байланысты қоғамдық қабылдау өткізуге мүмкіндік болмады.   

Қоғамдық қабылдауды ТМРК қызметкерлері өткізді, олар реттелетін коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 1 шілдеге дейін коммуналдық қызметтердің өсуіне енгізілген мораторий туралы айтып берді.

Қоғамдық қабылдау Комитеттің Facebook-тегі парақшасы арқылы онлайн режимде өтті.

Осындай қабылдаулар аумақтық департаменттердің Facebook парақшаларында да траснляцияланды.

Қоғамдық қабылдау барысында ведомство мамандары еліміздің көптеген өңірлерінде табиғи газға төмендетілген тарифтер, сондай-ақ сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және темір-жол қызметтеріне төмендетілген тарифтер туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Комитеттің әдіснама басқармасының басшысы атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті.

Барлық түскен сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді.