Ақмола облысы. Департамент ҚР АШМ «Қазсушар» ШЖҚ РМК өтінімі бойынша жария тыңдауға шақырады

 Ақмола облысы. Департамент ҚР АШМ «Қазсушар» ШЖҚ РМК өтінімі бойынша жария тыңдауға шақырады

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ижевск топтық су құбырының таратушы желілер арқылы суды беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне «Қазсушар» ШЖҚ РМК тарифтің және тарифтік сметаның жобасын бекітуге арналған өтінімді қарау бойынша жария тыңдауларды өткізу туралы хабарлайды.

Жария тыңдаулар 2019 жылғы 2 шілдеде сағат 12-00-де Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Ижевск ауылы,  әкімдік ғимараты, акт залында өтеді.

Тыңдауларға маслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктерінің, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Анықтама телефоны бойынша: Департамент - (87162) 50-43-63; «Қазсушар» ШЖҚ РМК - (87162) 72-27-11.