Қызылорда облысы. «Еңбек» РМК-ның «Еңбек-Қызылорда» филиалының қызметіне тарифі және тарифтік сметасы бекітілді

Қызылорда облысы. «Еңбек» РМК-ның «Еңбек-Қызылорда» филиалының қызметіне тарифі және тарифтік сметасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 25 маусымдағы №51-НҚ бұйрығымен жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметін көрсететін «Еңбек» РМК-ның «Еңбек-Қызылорда» филиалының тұтынушылары үшін тариф ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 1 Гкал-ға ҚҚС-сыз 5956,86 теңге мөлшерінде немесе субъектінің жобасымен салыстырғанда 17 пайызға төмендетіліп, оңайлатылған тәртіппен бекітілді. Субъект Қызылорда облысының Тартоғай станциясында жылумен жабдықтау қызметін көрсетеді.