Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес жылу беруші «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, 2018-2019 жылыту маусымына жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің есептеулеріне сәйкес, жылыту маусымына тұтынушыларға 39,98 млн. теңге (ҚҚС-мен есептегенде) немесе 1 шаршы метр жылыту алаңы үшін 15,74 теңге (ҚҚС-мен есептегенде) қаражат қайтарылатын болды.
Жылу жеткізушімен қаражатты қайтару алдағы жылыту маусымында жылумен жабдықтау қызметі үшін төлем жасау кезінде түбіртектерде жеке жолда «қайта есептеу» деп көрсетілу арқылы жүргізіледі және тұтынушының тұтыну алаңына байланысты анықталады.