
2019 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар су» ЖШС,«Петропавл Жылу жүйелері» ЖШС, «СҚ ЭЖК» АҚ, «Севказэнергосбыт»ЖШС (бұдан әрі - ТМС) базалық табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, көрсетілген субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет тұтынушыларын қабылдау өткізді.
Қабылдауға Петропавл қаласының 2 тұрғыны жүгінді. Екі тұтынушы да өздерінің электр және жылу энергиясына энергияжабдықтаушы ұйыммен оларға қойылған берешек сомасымен келіспейтіндігін білдірді. Табиғи монополия субъектілірінің өкілдері түсіндірмелер берді, өтініштерді жете қарау үшін тұтынушылардан жазбаша өтініштер қабылдады. Қарау қорытындысы бойынша арызданушылар хабарландырылады.