АО «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

АО «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның өтінімі бойынша  жария тыңдау өтті

Бүгін, 2021 жылы 28 қарашада, жария тыңдауда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау және тауарлық газды жер асты газ қоймаларына сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге 2022-2026 жылдарға тарифтің және тарифтік сметаның жобаларын қарады.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, барлық мүдделі тұлғалар онлайн режимінде жария тыңдауда қатысты.

Жария тыңдауда Тарифтік ведомство төрағасының орынбасары Ақан Ташпанов төрағалық етті.

Ақан Ташпанов тыңдау қатысушыларын қарсы алып, барлығын жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның тариф және тарифтік сметаның жобасына өз ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті.

 «Ашықтықты, хабардарлықты қамтамасыз ету, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерінің теңгерімін сақтау,  өтінімдерін қарау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету – бұл жария тыңдауларды өткізудің мақсаты», - деп атап өтті Ақан Ташпанов.   

Бұдан әрі, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның Бюджеттік жоспарлау және тариф белгілеу департамент директорының орынбасары, Азамат Орынбаев баяндама жасады.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның тауарлық газды магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау және тауарлық газды жер асты газ қоймаларына сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге тариф және тарифтік смета 2016-2021 жылдарға бекітілген. Олардың қолданылу кезеңінің аяқталуына байланысты, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ы ТМРК-ға 2022-2026 жылдарға арналған жаңа тариф және тарифтік сметаны бекітуге өтінім берді», - деп атап өтті Азамат Орынбаев өз сөзінде.

Содан кейін, жария тыңдаудағы қатысушылар субъектінің тариф және тарифтік сметаның жобаларына қатысты қызықтыратын сұрақтарды қойды.

Қорытындылай келе, Тарифтік ведомство басшысының орынбасары барлығына қатысқан және ұсыныстарды белсенді білдіргені үшін алғыс білдіре отырып, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның өтінімін қарау қорытындылары бойынша түпкілікті шешім табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қабылданатынын атап өтті.

Айта кету керек, Комитет әрдайым жария тыңдаудағы қатысушылардың пікірлерін ескереді және түпкілікті шешім қабылдаған кезде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауға тырысады.