Асан Дарбаев «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның нысандарын тексеріп шықты

Асан Дарбаев «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның нысандарын тексеріп шықты

Бүгін, 2021 жылғы 22 қазанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев Талдықорған қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның нысандары бойынша баспасөз турына қатысты.

«Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ы сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін Талдықорған қаласының халқына ғана емес, сондай-ақ заңды және бюджеттік ұйымдарына да көрсетеді, бұл қызметтер тарифтік ведомствоның реттеуіне жатады.

Баспасөз турын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-мен бірлесіп ұйымдастырлып өткізілді.

Баспасөз турына қоғам және БАҚ өкілдері де қатысты.

Мониторинг жүргізілген нысандары «Бас» су қабылдағышы және кәрізді тазарту құрылғылары болды.

2021 жылы «Бас» су қабылдағышында және кәрізді тазарту құрылыстарында жөндеу жұмыстарының орындалуы және 2020 жылы орындалған жұмыстар туралы «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның директоры Валерий Ким айтып берді.

2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалармен, оның ішінде осы инвестициялық бағдарлама аясында 2021 жылы орындалған және жоспарланған жұмыстармен таныстық.

Валерий Ким сондай-ақ «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның 2021 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы да айтып берді.

Содан кейін, «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның өкілі баспасөз турына қатысушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізді, содан кейін су тазарту құрылыстарының жалпы жұмысымен таныстырды, онда қатысушылар су жинағыштағы ауыз суды дайындаудың барлық технологиялық циклдерін өз көздерімен көре алды.

Өндірістік процестерді жетілдіру мақсатында, «Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның бекітілген тарифтік смета шеңберінде инвестициялық бағдарламаны іске асыруда, онда ауыз суды беру кезінде тиімділікті арттыруға, шығындарды азайтуға, оның ішінде кәсіпорын қызметінің экологиялық параметрлерін жетілдіруге бағытталған жабдықтарды жаңғырту бойынша бірқатар ірі ауқымды іс-шаралар көзделген.

2020 жылы 64,9 млн. теңге сомасында инвестициялар игерілді, атап айтқанда су тарту ғимараттары мен құрылыстарына және кәріз станциясына, су құбырларына, кәріз және электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ негізгі құралдарды (экскаватор) сатып алу жүргізілді, бұл желілердің табиғи тозуын және авариялық жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Инвестициялық бағдарлама «Бас» су бөгетінің ғимараттары мен құрылыстарын және кәрізді тазарту құрылыстарын күрделі жөндеу, 5 орталықтан тепкіш және 3 бірлік сатып алу және орнату жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Іске қосу және қорғау аппаратурасына күрделі жөндеу жүргізу және басқа да іс-шаралар.

Бүгінгі күні субъект 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бес жылдық инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді, ол жалпы сомасы 615 947,3 мың теңгеге бекітілді, оның ішінде жоспар бойынша 2021 жылға арналған инвестициялар сомасы 116 480,8 мың теңге.

2021 жылы орындалған іс-шаралар:

  1. ЖСҚ әзірлеу: 2,3 км су құбыры желілерін қайта жаңарту;

    2.ЖСҚ әзірлеу: 2,6 км өздігінен ағатын және қысымды кәрізді қайта жаңарту;

    3.Су жинауға орталықтан тепкіш сорғы сатып алу.

Келесі 2022-2025 жылдарға арналған инвестициялық салымдар мынадай іс-шараларды орындау көздейді:

2022 жылы жоспарланған іс-шаралар:

1.2,3 км су құбыры желілерін қайта жаңарту;

2.1,5 км кәріз желілерін қайта жаңарту;

3.Жабдықтарды ауыстыру және сатып алу.

2023 жылы жоспарланған іс-шаралар:

1.2,5 км су құбыры желілерін қайта жаңарту;

2.2,6 км кәріз желілерін қайта жаңарту;

3.Жабдықтарды ауыстыру және сатып алу.

2024 жылы жоспарланған іс-шаралар:

1.1,2 км су құбыры желілерін қайта жаңарту

2.1,7 км кәріз желілерін қайта жаңарту;

3.Жабдықтарды ауыстыру және сатып алу.

2025 жылы жоспарланған іс-шаралар:

1.0,5 км су құбыры желілерін қайта жаңарту;

2.Жабдықтарды ауыстыру және сатып алу.

Баспасөз турлары барысында қатысушылар, оның ішінде БАҚ өкілдері кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын орындау бойынша қызықтыратын сұрақтарды және субъектінің қызметіне қатысты басқа да маңызды сұрақтарды қойды.

«Жетісу Су құбыры» ҚМКК-ның өкілдері инвестициялық бағдарлама аясында қарастырылған барлық іс-шаралар қала тұрғындарын сумен жабдықтау және су бұру бойынша сапалы және үздіксіз қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Тұтынушылардың сапалы қызмет алуға құқықтары бар, және инвестициялық бағдарламада көзделген іс-шаралар осы талаптың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Сумен жабдықтау және су бұру сапалы көрсетілуі тиіс және халық осындай маңызды қызметтердің үздіксіз ұсынылуына сенімді болуы тиіс.»,- деді Тарифтік ведомство басшысы Асан Дарбаев.

Айта кету керек, мұндай баспасөз турларды өткізу қажет, бұл баспасөз турлары жыл сайын қоғамға ТМС-ның инвестициялық бағдарламаларында көзделген іс-шараларды орындау бойынша монополистердің қызмет көрсетулері мен шығындарының ашықтығын жариялау мақсатында өткізіледі.