ТМРК «SU ARNASY-WATER EXPO» X Халықаралық конференциясы мен су индустриясы көрмесінде қатысты

ТМРК «SU ARNASY-WATER EXPO» X Халықаралық конференциясы мен су индустриясы көрмесінде қатысты

Өткен жұмада, а.ж. 24 қыркүйегінде, «SU ARNASY-WATER EXPO» X Халықаралық конференциясы мен су индустриясы көрмесінің шеңберінде республикалық кеңес өткен болатын, онда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының орынбасары, Нұрлан Жалғасбаев қатысты.

Нұрлан Жалғасбаев кеңеске қатысушыларды Комитеттің жүргізіліп жатқан тарифтік саясатының мақсаттары, заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстары, субъектілердің ұзақ мерзімді тарифтерге көшуі және 2015-2021 жылдардағы табиғи монополиялар салаларына инвестициялар көлемі туралы хабардар етті.

Кеңесте сумен жабдықтау және су бұрудың инфрақұрылымдық жобаларын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі үлгілері бойынша іске асыру кезіндегі негізгі мәселелер мен проблемалар, кәріздік-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларына отандық және шетелдік компаниялардың жоғары қызығушылығын ескере отырып, капиталды қажетсінетін жобаларды іске асыру және жеке инвесторлардың қаражатын қайтару кезінде күрделі шығындарды қаржыландырудың балама көздерін іздеу талқыланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының, су арналарының, ғылыми-өндірістік және жобалау ұйымдарының, ғылыми және білім беру қоғамдастығының басшылары мен мамандары қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сумен жабдықтау және су бұру салаларын дамыту бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.