Жамбыл облысы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиын өткізілді

Жамбыл облысы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жиын өткізілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыру және әдеп нормаларын сақтау бойынша жиын өткізілді.

Жиында Департамент басшысы Ерболат Дүйсембиев мемлекеттік қызметшілердің іс-сапардағы және қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар барысындағы мінез-құлқы туралы жадынама, парасаттылық декларациясы және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Төрағасы А. Шпекбаевтың алғашқы постымен таныстырып өтті.

Онда, А. Шпекбаев мемлекеттік аппараттағы келеңсіз құбылыстардың бірі - ел ішіндегі іссапарлар барысындағы қызметшілердің теріс қылықтары және отырыс, алым-салық, дастархан жаю және тарту жасау қоса жүретін тамыр жайған, төмен құрылымдарды жаппай тексерулерге назар аударды.

Агенттік бұл мәселені жүйелі бақылауға алды. Жекелеген өңірлерде нәтижелер бар - кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар, бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Үкіметке қашықтықтан мониторингке көшумен көшпелі тексерулерді оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізілетін болады.

Жиын барысында іс – сапарға шығатын қызметшілер туралы ақпарат интернет – ресурстарында және әлеуметтік желілерде жарияланатыны және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне ұсынылатыны туралы ескертілді.