ТМРК-да АО «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

ТМРК-да АО «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімі бойынша  жария тыңдау өтті

Бүгін, 2021 жылғы 10 тамызда, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Н.Н. Шманов атындағы МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне оңайлатылған тәртіппен тарифті және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімін қарастыру бойынша жария тыңдау өтті.

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, жария тыңдау «ZOOM» платформасы арқылы онлайн режимде өтті, оған салалық мемлекеттік органдардың, ассоциациялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тұтынушылары қатысты.

Тыңдауда ТМРК Мұнай және газ тасымалдау саласындағы реттеу басқармасының басшысы Қазыбек Ратбеков төрағалық етті, онда ол тыңдаудағы қатысушыларды қарсы алып, барлығын жария тыңдауды өткізу тәртібімен таныстырды, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Н.Н. Шманов атындағы МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне оңайлатылған тәртіппен тарифтін және тарифтік сметаның жобасына өз ұсыныстары мен ескертулерін белсенді түрде айту қажеттігін атап өтті.

 «Жария тыңдауларды өткізудің мақсаты тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің ашықтығын, хабардарлығын, теңгерімінің сақталуын, жоғарыда аталған реттеліп көрсетілетін қызметке арналған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімдерін қарау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.», - деп атап өтті Қазыбек Ратбеков.   

            Жария тыңдауда «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Тарифтерді реттеу департаментінің директоры, Дана Ермекова спикер болды.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның өкілі өз сөзінде Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес жоғарыда көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф 1 жылға белгіленетінін хабарлады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Н.Н. Шманов атындағы МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф және тарифтік сметаны 2020 жылға бекітілген. Олардың қолданылу кезеңінің аяқталуына байланысты «ҚазТрансОйл» АҚ ТМРК-ға                   2021 жылға арналған оңайлатылған тәртіппен жаңа тариф және тарифтік сметаны бекітуге өтінім берді», - деп атап өтті Дана Ермекова өз сөзінде.

Содан кейін, жария тыңдаудағы қатысушылар мен БАҚ өкілдері тариф және тарифтік сметаның жобасына қатысты өздерін қызықтыратын және толғандыратын сұрақтарды қойып, оларға жауаптар ала алды.

Қорытындылай келе, Қазыбек Ратбеков барлығына қатысқан және ұсыныстарды белсенді білдіргені үшін алғыс білдіре отырып, түпкілікті шешім «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өтінімін қарау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген мерзімде және тәртіппен қабылданатынын атап өтті.

Айта кету керек, Комитет әрдайым жария тыңдаудағы қатысушылардың пікірлерін ескереді және түпкілікті шешім қабылдаған кезде тұтынушылар мен субъект арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауға тырысады.