Ағымдағы жылдың 23 маусымда мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде «Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек» атты іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызмет саласында ел мүддесіне адал еңбек етіп жатқан департамент қызметшілерінің еңбектерін көпшілік қауымға көрсету және ел дамуының басты бағытын жүзеге асыруды көздейтін мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар еңбек етіп кейінгі кіші буынға үлгі болған аға буын өкілдерінің қызметтік жолдарын насихаттау.
Шараға көп жылдар ұжымда еңбек еткен адагерлерді шақырып, департамент басшысының міндетін атқарушысының алғыс хатымен марапаттады.
Өз кезегінде ардагерлер департамент ұжымына және жаңадан тағайындалған жас мамандарға ақыл кеңестерін айтып, алдағы еңбек жолдарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар ұжымның мемлекеттік қызметшілдері департамент басшысының міндетін атқарушысының алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасының грамотасымен, Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.