Атырау облысы. Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

Атырау облысы. Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

2019 жылғы 24 маусымыда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде департамент қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен келген №04-1-4/1386 шығыс хатындағы мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру мақсатында әдеп жөніндегі кеңес отырысының қойылымы (инсценировка) өтті.

Қойылымда әдеп жөніндегі кеңес отырысы ауылдық округ әкімінің қызмет барысындағы теріс мінез-құлқына қатысты түскен арызға байланысты өтті. Қойылым барысында ауыл тұрғындары атынан ауылдық округ әкімінің үстінен түскен арызды округ әкімі негізсіз деп, өзіне қарсы жала жабуға арналған деп бағалап, өз пікірін білдіреді.

Қойылым аяқталған соң, департмент қызметкерлерінің арасында үлкен талқылау өтті. Қойылым барысындағы округ әкімінің әрекеті, ауыл тұрғындарының берген арызы, әдеп жөніндегі өкілдің жүргізген тексеруі, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерінің округ әкіміне берген мінездемесі, тәртіптік кеңестің округ әкіміне қатысты шығарған тәртіптік шара барлығы талқылауға салынды.

Талқылау бойынша округ әкімінің үстінен түскен арыздың негізі бар болғаны, ол арыз округ әкімінің Елбасының 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының) талаптарын бұзғаны туралы болған. Сонымен қатар округ әкіміне берілген тәртіптік шараның да оның қызмет бабындағы теріс мінез құлқына қатысты берілгендігі дұрыс шешім болғандығы туралы пікірлер айтылды.