Павлодар облысы. «Тұтынушыларға ақпарат, кеңес беру және сауаттандыру» тақырыбына акция

Павлодар облысы. «Тұтынушыларға ақпарат, кеңес беру және сауаттандыру» тақырыбына акция

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды peттeу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мамандары «Тұлпар» сауда үйінде «Тұтынушыларға ақпарат, кеңес беру және сауаттандыру» тақырыбына акция өткізді.    

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан  Республикасының заңнамасын «Тұлпар» сауда үйінің сатушылары мен келушілеріне ақпарат, кеңес беру және сауаттандыру барысында  тұтынушылардың құқықтары мен сатушылардың міндеттері түсіндірілді, сондай-ақ осы акция тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті сұрақтарды қоюға мүмкіндік берді.  

Одан басқа, тұтынушы сатушыға немесе дайындаушыға кінә қойып жүгінуге құқылы, тұтынушы оған 10 күнтізбелік күн ішінде жауап алуға тиіс, егер кінәға жауап беру мерзімі өткен немесе кінаны қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда тұтынушы бұзылған құқықтарын қорғау үшін өзі немесе  тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестіктер арқылы сотқа жүгіне алады.

Акция өткізу кезеңінде тұтынушыларға ақпараттық брошюралар, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың әртүрлі салаларындағы буклеттер таратылды, сондай-ақ Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 136, 412 каб. мекенжайы бойынша кеңес өткізілетіні, сондай-ақ «Жедел желі» телефоны 8 (7182) 32-18-22 арқылы тұтынушыларға кеңес берілетіні туралы ақпараттандырылды.