Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті тұтынушылық сауаттылығын арттыру мақсатында, 2019 жылғы 27 маусымда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізеді.
Туындаған сұрақтар бойынша тұтынушыларды сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін күтеміз, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін мына мекенжай бойынша: Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 27/3, 3 қабат, №10 кабинет немесе (8 716) 2 504347 телефоны арқылы.