2019 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Жангелді ауданы әкімдігінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф жобасын қарау туралы жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдауға депутаттар, тұтынушылар, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Департаменттің жария тыңдау шешім бойынша:
Жангелді ауданы әкімдігінің «Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны экономисті Жангелов Т.М. тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады. Суды магистральдық құбыр жолдары арқылы және таратушы желілер арқылы беру жөніндегі қызметіне жоспарланған тарифі 1991,67 теңге/м³.
Тарифтің негізгі жоғарлау себебі :
- Осы қызметке тариф біріншірет бегітілуде.
Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.