
«Қазсушар» РМК АФ-ын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 32 қаулысына осы табиғи монополия субъектісінің шағымдарын Атырау облысының соттарымен қарастыру нәтижелері бойынша Департаменттің іс-әрекеттері заңды деп танылды.
«Қазсушар» РМК АФ-на қатысты 4040 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы шығарылған қаулы азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен өзгеріссіз қалдырылды.
Сонымен, «Қазсушар» РМК АФ-ы өз мндеттерін орындамағандығы үшін, атап айтқанда мемлекеттік тіркелімге енгізу үшін өтініш тапсырмағандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.