
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті,«Бекасыл» ЖК-нің Исатай ауданы, Исатай селосына таратушы желілері арқылы суды беру реттелетін қызметіне тарифті бекітуге берген өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдау 2019 жылдың 9 шілде күні, сағат 15:00 де Атырау облысы, Исатай ауданы Исатай ауылдық клубында өтеді.
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Анықтама үшін телефон: (87122) 30-81-44.