2019 жылғы 25 маусымда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының «Алтын Арман» нарығында «Әрбір тұтынушы өз құқықтарын білуі тиіс!» акциясын өткізді.
Осы сауда объектісі Петропавл қаласының ірі нарықтарының бірі болып табылатындықтан және қала қонақтарында да, жергілікті тұрғындарда да танымал болғандықтан, аталмыш іс-шараны өткізу ақпараттық-профилактикалық сипатқа ие болды. Акция барысында мамандар тұтынушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, Департаменттің байланыс деректерін ұсынды және тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) ұсыну кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сатушылар мен нарыққа келушілер арасында 300-ден астам брошюралар таратты.