Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ерболат Дүйсембиев реттелетін коммуналдық қызмет көрсету саласына қатысты табиғи монополиялар субъектілері өкілдерінің қатысуымен тұтынушылардың қабылдауын өткізеді.
Тұтынушыларды қабылдау 2019 жылғы 26 маусым күні сағат 16:00-де Талас ауданының Қаратау қаласы әкімі аппаратының ғимаратында өтеді. Барлық келем деушілер шақырылады.