Шымкент қ. «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-нің тарифі төмендетіп бекітілген

Шымкент қ. «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-нің тарифі төмендетіп бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи   монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) «Ордабасы индустриалдық аймақ» ЖШС-нің (бұдан әрі-ЖШС) индустриалдық аймақтың тұтынушыларына тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметіне 5 жылға тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы өтінімін қарады.

ЖШС-нің өтінімі бойынша орташа 5 жылға 1000 текше метрге ҚҚС-сыз 4374,12 теңге көлемінде тариф жоспарланған. Департамент қарау қорытындысы бойынша, тарифті 3069,98 теңге көлемінде 1000 текше метрге ҚҚС-сыз бекітті, яғни бекітілген тариф ЖШС-нің жобасынан 1304,14 теңгеге яғни 29,8 пайызға төмендетілді.

Одан басқа, бекітілген тариф қолданыстағы тарифтен 228,77 теңгеге, яғни 6,94 пайызға төмендетілгенін хабарлаймыз (Қолданыстағы тариф 3298,75 теңге 1000 текше метрге ҚҚС-сыз).

Тариф 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 2024 жылдың 31 шілдесіне дейін қолданыста болады.