
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-нің электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу, сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтерді бекітуге берген өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдау 2019 жылдың 2 шілде күні, сағат 11.00-де Атырау қаласы, Құлманова көшесі, 156А үй мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7122) 30-81-44.