
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 3-3/1679 және №3-3/1682 хаттарына сәйкес Департаменттің қызметкерлері арасында әдеп нормаларын сақтау бойынша жиын өткізілді.
Жиында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі, бөлім басшысы С.Ж.Мағзымбекова мемлекеттік қызметшілердің іс-сапардағы және қызметтік қажеттілік бойынша тұрақты орналасу шегінен тыс өзге де шығулар барысындағы мінез-құлқы туралы жадынама және парасаттылық декларациясы жөнінде айтып түсіндірді.
Жиын барысында іс – сапарға шығатын қызметшілер туралы ақпарат интернет – ресурстарында және әлеуметтік желілерде жарияланатыны және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне ұсынылатыны туралы ескертілді.