
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметші күніне орай 2019 жылы 19 маусым күні мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен интеллектуалдық ойын ұйымдастырып өткізді.
Ойын қатысушыларына кезең кезеңмен ситуациялық, мотивациялық сұрақтар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарынан және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары бойынша сұрақтар қойылды. Ойын барысында Департаменттің мемлекеттік қызметшілері өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсете білді.
Келешекте де осындай ойындар ұйымдастырылып өткізіліп отыратын болады.