Шымкент қ. Шымкент қаласының №14 мектебінде тұтынушылармен әңгіме өткізілді

 Шымкент қ. Шымкент қаласының №14 мектебінде тұтынушылармен әңгіме өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2019 жылғы 20 маусымда Шымкент қаласының қазақ, өзбек және орыс тілінде оқытатын Айбек атындағы №14 мектеп-гимназиясында мұғалімдермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін қолданып, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасының нормалары туралы ақпарат, тұтынушылардың құқықтары мен сатушылардың (дайындаушылардың, орындаушылардың, қызмет көрсетушілердің) міндеттері, тұтынушының өз құқықтарын қорғау бойынша әрекеттену туралы түсіндірме берілді. Тұтынушылар сотқа дейінгі сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға, қызмет көрсетушіге) жолданатын кінә қоюдың жазу үлгісімен таныстырылды.

Кездесудің тақырыбы мұғалімдер тарапынан үлкен қызуғышылық туғызды. Олар өздерінің көптеген сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Мектеп басшылығы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мұғалімдермен өткізілген әңгімеге ризашылығын білдірді.

Іс-шара өткізу барысында қазақ, орыс және өзбек тілдерінде буклеттер, брошюралар мен газеттер таратылды.