
2019 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Казэнергоцентр» ЖШС, «Жезказганэнергосбыт» ЖШС, Қаражал әкімдігі жанындағы қалалық коммуналдық кәсіпорын, «Каражал Су» ЖШС табиғи монополиялар субъектілерімен (бұдан әрі - ТМС) бірлесіп, Қарағанды облысының Қаражал қаласында, көрсетілген субъектілердің реттеліп көрсетілетін қызмет тұтынушыларын қабылдау өткізді.
Қабылдауға Қаражал қаласы бойынша Сараптама кеңесінің мүшелері, "Нұр Отан" партиясының Қаражал қалалық филиалының және жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты.
Қабылдауға 5 тұтынушы жүгінді, сұрақ электр энергиясы үшін түбіртектердегі есептеулер және тарифті төмендету бойынша болды.
Азаматтарды қабылдауға жүгінгендердің барлық сұрақтарына табиғи монополиялар субъектілерінің мамандары нақты түсіндірмелер берді және Департамент басшылығы нақты тапсырмалар берді.