Ақтөбе облысы. Департамент Ақтөбе қаласында тұтынушылардың қабылдауын өткізді

 Ақтөбе облысы. Департамент Ақтөбе қаласында тұтынушылардың қабылдауын өткізді

2019 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жылумен және сумен жабдықтау, кәріз су бұру қызметтері қатысты мәселелер бойынша «Бадамша-Сервис» КМК-ы базалық табиғи монополиялар субъектісімен бірлесіп, тұтынушылардың қабылдауын өткізді.

Қабылдауға 3 адам келді. Қабылдауға келгендердің сұрақтары кәріз су бұру қызметі, газ желісін өткізуге қатысты болды. Тұтынушылардың сұрақтарына табиғи монополиялар субъектілері және Департамент өкілдері нақты түсіндірмелер берді.