Қызылорда облысы. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметаларының және инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есепті қарау бойынша отырыс өткізілді

Қызылорда облысы. Табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметаларының және инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есепті қарау бойынша отырыс өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, тарифтік сметалардың және инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерін қарау бойынша 2019 жылғы 20 маусымда отырысын өткізді.

Отырысқа, Қызылорда облыстық қоғамдық кеңесі, «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау» қоғамдық бірлестіктерінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шарушылығы басқармасының өкілдері және Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты қатысты.

Атап айтқанда, «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС және «ҚОР мунай компаниясы» АҚ-ның есептері қаралды.