Қарағанды облысы. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттеріне дәріс оқылды

 Қарағанды облысы. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттеріне дәріс оқылды

2019 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу бөлімінің басшысы Д.Н.Альмагамбетова Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттеріне "Монополияға қарсы реттеу негіздері" тақырыбында дәріс оқыды.

Сонымен қатар, дәріс барысында жаңа нормативтік – құқықтық актілерді қабылдаумен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзгертулер туралы толық айтылды, сондай-ақ Департамент барлық қоғамды тарту жолымен, сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру бойынша 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда көрсетілген мәселелерді іске асыру бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлық қазіргі қоғамның тұрақты мұқият зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін жағымсыз құбылысы болып табылатыны атап өтілді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес біздің еліміз үшін басты басымдық болып табылады.