
2019 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Житикаракоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру (Ырсай ауылы) қызметіне тариф деңгейінің жобасын қарау өтінімі бойынша жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдауға тұтынушылар қатысты.
«Житикаракоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының экономисті Грибиниченко И.В. тарифтің жоғарлау дәлелдігі жайында баяндама жасады.
Ырсай ауылында суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметінің қолданыстағы тарифтері субектінің жобасы 2360,21 теңге/м3 ҚҚС – сыз құрайды.
Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.