Қарағанды облысы. «DMA Logistik» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізеді

 Қарағанды облысы. «DMA Logistik» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізеді

2018 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарың қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «DMA  Logistik» ЖШС-ның тарифті және тарифтік сметаны бекітуге ұсынған өтініміне сәйкес, Доскей ауылында  суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф және тарифтік сметаларының жобасын қарауға байланысты жария тыңдау өткізеді.

Өтініш Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 80-НҚ бұйрығымен бекітілген, Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесiне сәйкес ұсынылған.

Жария тыңдау 2019 жылғы 3 шілдесінде сағат 11.00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылы, Доскей  көшесі 34/2.

Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырады.

Департаменттің байланыс телефоны: 8 (7212) 41-18-27, 41-34-20.

«DMA  Logistik» ЖШС-ның байланыс телефоны: 8 (778) 066-55-97