
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департамент «Автопарк» ЖШС-нің өтінішін қарау нәтижесінде, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қатысты ҚР бәсекелестікті сақтау саласындағы заң бұзушылықтар қарастырылып, мемлекеттік жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-қимыл туралы тергеу тағайындады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі заңды тұлғамен Ақтөбе қаласы аумағында бағдаршам объектілерін пайдалану және жұмыс істеу, сондай-ақ басқа да қызметтер түрлері бойынша бір көзден келісім шарт жасады.
Монополияға қарсы орган Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің іс-әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бар екенін хабарлап, оларды жою бойынша шараларды қабылдау қажеттілігі туралы ескертті.
Алайда, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі хабарламада көрсетілген бәсекелестікті шектеуге және жоюға бағытталғын іс-әрекеттерді тоқтатқан жоқ.
Тергеу жүргізілуде.