Қызылорда облысы. «КОР» Мунай компаниясы» АҚ-на уақытша өтемдік тариф бекітілді

Қызылорда облысы. «КОР» Мунай компаниясы» АҚ-на уақытша өтемдік тариф бекітілді

«КОР» Мұнай компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы қайта айдау қызметі бойынша ағымдағы жылдың 1 тамызынан баста енгізуге уақытша өтемдік тариф 1 тона км-ге ҚҚС-сыз 28,05 теңге мөлшерінде немесе бекітілген тарифпен салыстырғанда 25 пайызға төмендетіп бекітті, онда тұтынушыларға қайтарылатын сомасы шамамен 80,0 млн.теңгені құрады.