Қостанай облысы. «Тобол» МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қостанай облысы. «Тобол» МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

«Тобол» МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменттің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 1 қаулысына осы табиғи монополиялардың субъектісінің шағымдарын Қостанай облысының соттарымен қарастыру нәтижелері бойынша Департаменттің іс-әрекеттері заңды деп танылды, бұл қаулы заңды күшінде қалдырылды.

Сонымен, Элеваторная көшесі, 54 үй мекенжайы бойынша үйдын тұрғындарына жылу энергиясымен жабдықтау кызметтері үшін төлем ақыны тиісті түрде есептемеу бөлігінде, тұтынушыларға жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын ұсыну бойынша іс-әрекеттері үшін «Тобол» МКК әкімшілік жауапкершілікке тартылды.