
Бүгін, 2021 жылғы 8 сәуірде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Жапсарбай ведомство қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларға арналған кеңес өткізді.
Кеңес нақты уақыт режимінде өтті, оған орталық аппараттың ғана емес, аумақтық департаменттердің қызметкерлері де қатысты.
Әдеп жөніндегі уәкіл өз баяндамасының басында елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істейтінін, оның негізі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары болып табылатынын еске салып, оның кейбір нормаларына тоқталды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және ведомство қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру қажет екенін атап өтті.
Және оған Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға, сондай-ақ ұжымдағы проблемалық жағдайларды реттеуге, әріптестерімен өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуге шақырды.
Ол әсіресе тұтынушылармен өзара әрекеттесу тақырыбына тоқталды.
«Әрбір қызметкер тұтынушылар үшін ашық болып, «жабық есік» фактілеріне жол бермей, парасаттылық пен мінез-құлық нормаларын сақтауы тиіс. Яғни, тұтынушылар тарифтік реттеу органына жүгінген кезде, жабық есіктерді сезінбеуі керек. Біз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласында қорға болу тиіспіз.», - деді Асхат Жапсарбай.
Сондай-ақ, ол Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде өзінің атына келіп түскен өтініштер бойынша мысалдар келтірді.
Бұдан әрі Әдеп жөніндегі уәкіл осы фактілерге ерекше назар аударуды, сондай-ақ олардың басқа билік органдарына жүгінуіне жол бермеу мақсатында жұртшылық өкілдерімен диалогтік байланыс орнатуды сұрады.
Қорытындылай келе, Асхат Жапсарбай сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау мәселелері бойынша әрбір адамды тыңдауға дайын болды.