Онлайн-форматта ТМРК-ның кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

Онлайн-форматта ТМРК-ның кезекті қоғамдық қабылдауы өтті

Бүгін, 2021 жылғы 2 наурызда, бірінші көктем айының екінші күні, кезекті қоғамдық қабылдауы өтті.

Дәстүрлі түрде, коронавирус пандемиясына байланысты қоғамдық қабылдау ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Facebook парақшасы арқылы онлайн-форматта өтті.

Параллелді түрде аумақтарда қоғамдық қабылдаулар ТМРК-ның аймақтық департаменттері де онлайн режимде өткізді.

Комитет мамандары қабылдау кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін тежеу және ашық тариф белгілеу бөлігінде ведомство жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау сияқты салалар нақты қозғалды.

Тұтынушыларға жылумен жабдықтаушы ұйымдардың іс-әрекеттерінде жылу үшін заңсыз төлемдер бөлігінде қандай бұзушылықтар анықталғаны туралы ақпарат жеткізілді.

Соңында төрағаның орынбасары Асхат Жапсарбай Комитетке келіп түскен өтініштер, соның ішінде азаматтардың өтініштерінің сипаты туралы егжей-тегжейлі айтып, табиғи монополиялар субъектілерінің заңсыз әрекеттері орын алған жағдайда ТМРК-ға жүгінуді сұрады.