ТМРК жылу жеткізушілеріне қатысты тексерулерді ашты

ТМРК жылу жеткізушілеріне қатысты тексерулерді ашты

2020 жылғы желтоқсандағы түбіртектердегі жылу үшін заңсыз және жоғары шоттарға қатысты азаматтардың шағымдары мен өтініштері шеңберінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті елдің бірқатар өңірлерінде азаматтарға жылу энергиясын жеткізетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер ашылғанын хабарлайды.

Осылайша, Комитеттің Нұр-Сұлтан қ. департаменті елорда тұрғындарының жылу үшін негізсіз берілген өтініштерінің негізінде «Астана-Теплотранзит» ЖШС-на қатысты тексеру жүргізді.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы бойынша ТМРКД-ы жылу энергиясын өндіруші «Караганда Энергоцентр» ЖШС-на қатысты тексеруді ашты, онда Қарағанды тұрғындарына жылумен жабдықтау қызметтерін ұсыну сапасына субъектінің қызметі тексерілетін болады.

Қостанай облысында да «Қостанай ЖЭК» МКК-на қатысты жылумен жабдықтауға ұсынылған шоттардың негізділігі бөлігінде тексеру ашылды.

Қалған өңірлерде жылумен жабдықтау үшін негізсіз шоттар ұсыну тұрғысынан жылумен жабдықтау ұйымдарының қызметі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Осы тексерулер шеңберінде ТМРК департаменттерінің қызметкерлері өткен жылғы желтоқсанда сыртқы ауа температурасының көтерілуіне байланысты себептерден басқа, табиғи монополиялар субъектілерінің жылу үшін жоғары төлемдер қою негізділігіне мұқият талдау жүргізетін болады.  Тексеру деректері түбіртектерде көтерілген жылу шоттарының себептерінің толық көрінісін көрсетеді.

Тексеру қорытындысы бойынша Тарифтік реттеуші жылу берушілер тарапынан қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда, монополистерге қатысты тиісті шешім қабылдайды, сондай-ақ халыққа жылу үшін қайта есептеу жүргізеді.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті жыл сайынғы негізде жылу есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеуді жүргізіп жатқандығын қосымша хабарлаймыз.

Өткен жылыту маусымында тұтынушыларға 736,8 млн. теңге қайтарылды.