Тарифтік реттеуші кезекті онлайн қабылдау өткізді

Тарифтік реттеуші кезекті онлайн қабылдау өткізді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті дәстүр бойынша ағымдағы айдың басында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Бұл жолы бұл еліміздің барлық өңірлеріндегідей Facebook арқылы онлайн режимінде өтті.  

Өткен жылдың соңғы айында Комитет басшылығы нақты уақыт режимінде жүгінген тұтынушылардың барлық сұрақтарына барынша жауап беруге тырысты.

ТМРК басшылығы ведомствоның 2020 жылы халық үшін тарифтердің өсуін тежеу, сондай-ақ 2021 жылы халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу бойынша қандай жұмыс жүргізгені туралы егжей-тегжейлі хабарлады.

Онлайн қабылдау кезінде, Алматы қаласының тұрғынынан қаладағы жеке тұрғын үй бойынша жылудың жетіспеуіне қатысты сұрақ түсті.

Бұл мәселе Комитет басшылығының бақылауына алынды және Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшеге тиісті тапсырма берілді.

Сондай-ақ, Алматы облысының Қарасай ауданында ыстық сумен жабдықтау және жылу тарифтерінің көтерілуіне қатысты мәселе түсті.

Бұл сұраққа нақты түсініктемелер берілді, атап айтқанда, тарифтерді төмендету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Құрметті тұтынушылар, Комитет Жаңа жылда да осындай қоғамдық қабылдауларды өткізуді жалғастырады. Өткізу форматы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты айқындалатын болады.