ҰЭМ-де Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

ҰЭМ-де Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

А.ж. 27 қарашада ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың төрағалығымен табиғи монополиялар салаларындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында, Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің III отырысы өтті.

Бұл жолы бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимінде өтті.

Онлайн отырысқа Қазақстан Республикасының Парламенті екі палатасының депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшылығы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Үшінші отырыстың талқылау мәселелері мынадай болды: 2020 жылы халық үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша жүктемені төмендету, табиғи монополиялар субъектілерінің 2019 жылғы есептерін қарау қорытындылары бойынша, тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; түпкі тұтынушы үшін бағаға энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясына шекті тарифтердің өсуінің әсері; табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Республикалық бөлімінде тұрған табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің және инвестициялық бағдарламаларының шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау, сондай-ақ 2021 жылы халық үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін тежеу.

Экономикалық ведомство басшысы кездесудің қатысушыларын қарсы ала отырып, Мемлекет басшысы мен Үкімет тариф белгілеу процесінің айқындығы мен ашықтығына, сондай-ақ тұтынушылар қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауға аса назар аударуда екендігінде аса көңіл бөлді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев субъектілердің тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады, сондай-ақ Кеңес мүшелерін халық үшін тарифтер деңгейінің 2020 жылғы деңгейде сақталуы туралы таныстырды.

Одан басқа, табиғи монополиялар субъектілері – «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның тарифтерінің жаңа шекті деңгейлерін және инвестициялық бағдарламаларын талқылауға ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа, барлық өңірлерде құрамның өзектіленуі мен кеңеюіне байланысты, Тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы Өңірлік комиссиялардың дербес құрамына тиісті өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Кездесу қорытындысы бойынша, Кеңес мүшелерінің ескертулерін ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілерін реттеуді, тариф белгілеуді және инвестициялық міндеттемелерді мемлекеттік бақылауды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленетін болады.