
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе қаласы бойынша департаменті кезекті баспасөз турды «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның нысаны бойынша өткізеді.
Осы баспасөз турда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы, Асан Дарбаев қатысады.
Баспасөз турында басқарманың бас қалқанының жұмысымен таныстыру, сондай-ақ қуаты 57 МВт кәделеуші қазандықпен газтурбиналық қондырғыны салу, станцияның жеке мұқтаждықтарын кернеуін 3,15 кВ-тан 6,3 кВ кернеуге ауыстыру, өнімділігі 120 м3/сағ. ультрафильтрация қондырғысын орнату, өз мұқтаждықтары үшін су жинағышының құрылысы, гидрокүлкетіргіш желісін қалпына келтіру жүзеге асырылып жатқан нысандарға бару жоспарлануда.
Баспасөз тур 2020 жылғы 23 қазанда сағат 15:00-де өтеді.
Жиналатын орын мен уақыт:Ақтөбе қ., 312 атқыштар дивизиясы даңғылы, 60.
Департамент аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Қаладағы карантиндік режимді ескере отырып, келесі санитарлық нормалар сақталады:
- Маска режимін сақтау және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтық;
- Келушілердің дене температурасын тепловизормен тексеру;
- 65 жастан аспаған келушілердің болуы.
Бұл ретте, санитарлық нормаларды сақтау мақсатында баспасөз турына қатысушыларды қатысу туралы ақпаратты 2020 жылғы 22 қазан күні сағат 15.00-ден кешіктірмей Департаменттің электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз: dkremzk_aktobe@economy.gov.kz, немесе мына телефонға хабарласуды сұраймыз: 8 7232-54 08 15.