
Бүгін, 8 қазанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері, ведомство төрағасы Асан Дарбаевтың басшылығымен, АҚШ-тың Халықаралық дамыту агенттігінің (USAID) қолдауымен коммуналдық кәсіпорындарды реттеу комиссиясы мүшелерінің Ұлттық қауымдастығымен (NARUC) энергетиканы реттеу саласындағы әріптестікті талқылау үшін онлайн алаңда кездесті.
Кездесу аясында энергетикалық саланы және жалпы тарифтік саясатты жетілдіру мақсатында, Комитеттің дамыған елдердің әдістері мен озық тәжірибелерін қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша, аталған процестерді реттеу бойынша техникалық тапсырма дайындау және NARUC-пен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды, бұл тарифтік саясатты жетілдіруіне оң әсер етуі тиіс.