Тарифтік реттеуші кезекті қоғамдық қабылдауды өткізді

Тарифтік реттеуші кезекті қоғамдық қабылдауды өткізді

Бүгін, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті кезекті рет тікелей эфирде коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдауды жүргізді.

Бәріне белгілі болғандай, айдың басы Комитетпен және оның аумақтық департаменттерімен коммуналдық игіліктердің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдауларды өткізуімен ілеседі.

Елдегі жалғасып жатқан тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты, қоғамдық қабылдау кезекті рет нақты уақыт режимінде өтті.

ТМРК өкілдері азаматтардың ТКШ саласына қатысты сұрақтарына жауап беруге дайын болды.

Қоғамдық қабылдау бір уақытта Facebook арқылы елдің барлық аумақтарында трансляцияланды.

Комитет осындай қоғамдық қабылдаулар әр айдың бірінші сейсенбісінде сағат 15.00-ден өткізілетінін тағы да еске салады, және тұтынушыларды белсенді қатысуды сұрайды.

Сұрақтар азаматтардан да, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен де келіп түсті.

Мысалы, Алматы қласындағы Ақсай1/24 қоғамдық бірлестігінің өкілі Светлана Дружинина тарифтер жөніндегі кеңестің жұмысына, ТМС ақпаратын толық көлемде ашуға қатысты мәселелерді және басқа да маңызды мәселелерді қозғады.

Сондай-ақ, азаматтарды елдегі пандемия кезінде халыққа мемлекеттік қолдау қалай жүзеге асырылатыны қызықтырды.

Барлық түскен сұрақтарға тиісті түсініктемелер беріліп, бірқатар сұрақтар Комитет басшылығының бақылауына алынды.