
Ақтауда әкімдіктердің, коммуналдық кәсіпорындардың, құрылыс компаниялары мен жобалау ұйымдарының, отандық өндірушілердің, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының, банктердің, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен ЭЖКС жобалау кеңсесінің көшпелі семинар-кеңесі өтті.
Ұлттық жоба аясында Маңғыстау облысында электр желілерін жаңғырту жоспарлануда.
2026 жылы ұлттық жобаға қатысуды "Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы" АҚ растады. Кәсіпорын қолданыстағы электр желілерін ауқымды қайта құруды және жаңа әуе желілерін, сондай-ақ екі қосалқы станцияны салуды жоспарлап отыр. Жоба мыналарды қамтиды:
3,57 млрд теңге сомасына жалпы ұзындығы 176,1 км 35 кВ үш әуе желісін салу;
7,19 млрд теңге сомасына ұзындығы 196,7 км 110 кВ екі әуе желісін салу;
құны 15,71 млрд теңге болатын бір 220 кВ әуе желісі мен 220 кВ қосалқы станция салу;
5,05 млрд теңге сомасына 110 кВ екі қосалқы станция салу;
құны 1,8 млрд теңге болатын 110 кВ бір қосалқы станцияны қайта жаңарту.