
Байтукенова Анар Абдуллақызы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Табиғатты пайдалану экономикасы" мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы "Мемлекеттік саясат және басқару" мамандығы бойынша University of Sheffield Университетінде (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Қаржы Министрлігінің Астана қаласының қазынашылық басқармасында бастаған.
2004-2013 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде — бас сарапшыдан бастап Өңірлік даму және бюджетаралық қатынастар, Корпоративтік даму, мемлекеттік жоспарлау департаменттеріндегі директордың орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментін басқарды.
2014-2024 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ротацияға байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Адами ресурстармен жұмыс департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.