
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Комитет жұмысының негізгі бағыттарын жария ету жөніндегі Медиа-жоспардың 19-тармағын орындау мақсатында табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін орындау шеңберінде баспасөз турларын, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын өткізу көздеген.
Осы жолы баспасөз тур «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның нысандары бойынша өтеді, яғни «Бесағаш» объектісі бойынша желілерді қайта жаңарту және жаңадан салынған «Мамыр» ҚС нысанына бару жоспарлануда.
Баспасөз тур Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы, Асан Дарбаевтың қатысуымен өтеді.
Баспасөз тур 2020 жылғы 9 қазанында сағат 15:00-де өтеді.
Жиналатын орын мен уақыт: Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 9, сағат 15.00-де.
Департамент аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Қаладағы карантиндік режимді ескере отырып, келесі санитарлық нормалар сақталады:
- Маска режимін сақтау және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтық;
- Келушілердің дене температурасын тепловизормен тексеру;
- 65 жастан аспаған келушілердің болуы.
Бұл ретте, санитарлық нормаларды сақтау мақсатында баспасөз турына қатысушыларды қатысу туралы ақпаратты 2020 жылғы 9 қазан сағат 12.00-ден кешіктірмей Департаменттің электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз: Dkrem.almaty@economy.gov.kz немесе 8 727 271 66 39, 87022573151 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.