
Цифрлық және инновациялық даму дәуірінде уақыт жаңа технологияларды ұстануды талап етеді. Қазақстан ақпараттық технологиялар саласындағы барлық жаңалықтардан қалыс қалмауға тырысады және Қазақстан көшбасшы болып отырған салалардың бар екені тіпті құпия емес.
Бұл жерде тариф белгілеуді бақылау сияқты мемлекеттік реттеудің әлеуметтік маңызы бар саласы шетте қалып қоймасы анық.
2018 жылы тарифтік және бағалық реттеу шеңберінде ақпарат берумен байланысты бизнестің шығындарын төмендету мақсатында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің (қайта ұйымдастыруға дейін) қызметтерін «Монополист» базасының жаңа сервистік бағдарламалық өнімі (Табиғи, мемлекеттік монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің ақпарат, хабарламалар және есептіліктерінің электрондық электрондық дерекқоры) арқылы автоматтандыру жүзеге асырылды.
«Монополист» базасы құрылғанға дейін табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері барлық негіздеуші материалдармен бірге өтінімдер мен есептерді қағаз түрінде үлкен көлемде берді және талаптарға сәйкес барлық құжаттар тігілуі, нөмірленуі және т. б. болуға тиіс еді. Уәкілетті органға құжаттарды ұсынудың бұл түрі көп еңбекті қажет ететін және шығынды болды, бірақ ең бастысы бұл құжаттарды уәкілетті органның субъектілері мен қызметкерлері ғана көрді.
«Монополист» базасын құрудың мақсаты - тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету, яғни енді Интернетке қолжетімділігі бар кез келген адам https://www.bazamonopolist.gov.kz сілтемесі бойынша өтіп, барлық құжаттарды ашып, зерттей алады және өңір бойынша не субъектінің атауы бойынша монополист уәкілетті органға ұсынатын кез келген өтінімдерді, есептерді немесе ақпаратты қарай алады.
Бүгінгі таңда базада 1229 монополист тіркелген, олар «Монополист» базасы арқылы Комитеттің қарауына 29 000-ға жуық құжаттарды берген.
Сонымен қатар, Монополист базасының мүмкіндіктерін жетілдіру және кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда, 2020 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Монополист» базасын дамытуды жобалауға арналған тапсырманы бекітті.
Болашақта деректерді цифрлау және мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялау арқылы Дерекқордың жаңартылған нұсқасы осындай процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді:
Мәліметтерді цифрландыру және мемлекеттік мәліметтер базасын біріктіру арқылы жасалған Базаның жаңа нұсқасы төмендегідей қызметтерді автоматтандыруға мүмкіндік береді:
- монополистер тізілімін жүргізу;
- тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітуге арналған өтінімдерді қарау;
- субъектілердің инженерлік желілеріне қосуға тұтынушылардың өтінімдерін өңдеу және қосылуға техникалық шарттарды беру;
- деректерді талдау және болжау.
Сонымен қатар, жаңартылған База белгілі бір деректерді онлайн-режимде өзектендіруге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді, мысалы, монополистердің мемлекеттік тіркелімі оны қосқан және алып тастаған кезде автоматты түрде өзектендірілетін болады.
«Электрондық мемлекеттік сатып алу» порталымен және монополистер сатып алуды жүргізетін электрондық алаңдармен интеграциялау Комитетке тарифтік сметада және инвестициялық бағдарламада сатып алу деректерін онлайн-режимде салыстырып тексеруге мүмкіндік береді.
«Монополист» базасын дамыту тариф белгілеу саласындағы процестерді автоматтандыру және ашықтық мүмкіндіктерін кеңейтеді, бұл бізді цифрлық Қазақстанда бір қадам алға ілгерілетеді.