
Бүгін, 18 қыркүйекте Табиғи монополияларды реттеу комитетінде онлайн режимде ҚР ҰЭМ-ның Жауапты хатшысы Арман Жұмабековтың төрағалығымен және «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық ҚБ-ның төрағасы Төлеген Байғұловтың, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің-Адалдық Алаңы» жобасының жетекшісі, ҚР ҰЭМ-ның Әдеп жөніндегі уәкілі Ақылбек Оразғұловтың қатысуымен Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру және сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою жөніндегі шаралар мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңес «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында өтті, оған Комитет басшылығынан басқа Комитеттің аумақтық департаменттерінің басшылары да қатысты.
Кеңес басында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Жауапты хатшысы Арман Жұмабеков барлық қатысушыларды алғыссөзбен қарсы алып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, сондай-ақ ведомство қызметіндегі сыбайлас жемқорлық алғышарттарын жою бойынша Комитет қабылдап жатқан шаралар туралы тыңдауға дайын екенін білдірді.
Тарифтік ведомствоның басшысы, Асан Дарбаев Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі мен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жою жөніндегі шаралар тұрғысынан Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру туралы баяндама жасады.
Асан Дарбаев қатысушыларға кеңесте қатысып отырғандары үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру және ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды күшейту бөлігінде қабылданып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Одан әрі Комитеттің Жамбыл және Қостанай облыстары бойынша департаменттерінің басшылары өз баяндамаларын жасады.
Департамент басшылары Ерболат Дүйсембиев пен Ақан Ташпанов аумақтарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын күшейту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді.
Бұдан кейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсе алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы одан әрі іс – қимыл жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында Адами ресурстармен жұмыс департаментінің директоры -«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің-Адалдық Алаңы» жобасының жетекшісі Әдеп жөніндегі уәкіл Ақылбек Оразғұлов баяндама жасады.
Кеңес соңында «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық ҚБ-ның төрағасы Төлеген Байғұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы үшін Комитет өкілдеріне алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлігінде жұмысты күшейту мақсатында өз тәжірибесімен бөлісті және осы бағытта жәрдемдесуге дайындығын білдірді.
Айта кету керек, Комитетте және аумақтық департаменттерде сенім телефондары жұмыс істейді, оған әркім арызбен жүгіне алады.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыс Комитет қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өту қажет.