Меню

Страницы

Статья

«Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасы А.К.Дарбаевтың ОКҚ-да баяндауға арналған баяндамасы

Қайырлы күн, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы баяндауға рұқсат берулеріңізді сұраймын.

Мемлекет Басшысының (2022 жылғы 5 қаңтардағы)  тапсырмасын іске асыру үшін Комитет халық үшін коммуналдық қызметтерге арналған тарифтерді көтеруге 180 күнге мораторий енгізді (2022 жылғы 1 шілдеге дейін, 2021 жылғы желтоқсандағы деңгейінде).

Осыған байланысты, 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифі түзетілді, бұл халыққа 3,2 млрд.теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Комитет 8 реттелетін салалардағы 1250-ден астам табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттейді.

Бүгінгі күні, 100-ден астам кәсіпорын нақты энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетеді, оның ішінде 37 кәсіпорынға Табиғи монополияларды реттеу комитетімен жүзеге асырылатын бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылады.  

  Түпкілікті тұтынушы үшін электр энергиясына арналған  баға, үлесі орташа есеппен 61%-ды (Энергетика министрлігімен бекітіледі) құрайтын энергия өндіруші ұйымдардың босату бағасына, электр энергиясын беруге арналған тарифтерге және үлесі тиісінше 35% және 4% түпкілікті бағада болатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жабдықтау үстемесіне сүйене отырып қалыптастырылады.

Жылу энергиясына арналған тарифтің деңгейі жылу энергиясын өндіруге, тасымалдауға және жабдықтауға қажет шығындарға байланысты болып табылады.

Жылу энергиясы саласындағы қызметтер бойынша  тарифтің деңгейі пайдаланылған отын (көмір, газ, мазут, дизельдік отын) түріне, жылу құнының құрылымында шамамен 60%-ды құрайтын шығын үлесіне әсер ететінін атап өткен маңызды.

Бұл ретте, көмір бәсекелестік ортада және мемлекеттік реттеуге жатпайды.

Осылайша, көмір бағасының өсуі жылумен жабдықтау қызметіне арналған тарифтің өзгеруіне  алып келеді.

Жалпы тарифтердің өсуіне әсер ететін негізгі факторлар, энергия ресурстарының, шикізат пен материалдардың құнын арттыру, жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету, басқа салаларға мультипликативті әсер ету болып табылады.

Комитет инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауға ерекше көңіл бөлуде. Жыл сайын субъектілердің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтік сметаларын орындауына мониторинг жүргізіледі. 2021 жылы жалпы сомасы 108,5 млрд. теңгеге инвестициялық бағдарламалар бекітілді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне 2021 жылға инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалар іс-шараларының орындалуы туралы 1 200 табиғи монополия субъектілерінен                  2 000-нан астам есеп келіп түсті, аталған есептерді қарау нәтижелері бойынша, табиғи монополия субъектілері тарапынан өз міндеттерін орындалмауы анықталды, осыған байланысты, елдің барлық өңірлерінде жалпы сомасы 5,5 млрд. теңгеге (бекітілген соманың 5%-ы) 195 табиғи монополия субъектілеріне уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.

Бұдан басқа, тұтынушыларға жыл сайын жылыту маусымы  кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу үшін артық төленген қаражат қайтарылады. 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға шамамен 490 млн. теңге көлемінде қаражат өтелді.

Тұтынушыларды газ желісіне қосу процесін оңайлату және жеделдету мақсатында, ТМРК газ желісіне қосылуға арналған техникалық шарттарды алу үшін, жеке тұлғаларға  8-ден 4 пунктке дейін, сондай-ақ, заңды тұлғаларға 5 пунктке дейін құжаттар тізбесін қысқарту бөлігінде бірқатар құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізді.

Тарифтік саясатты реформалау үшін табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тұжырымдамасы – «Тарифті инвестицияға айырбастау» ұсынылады, ол табиғи монополиялар инфрақұрылымына инвестициялар тартуды, тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануды бақылауды күшейтуді, монополистер қызметінің тиімділігін арттыруды және желілердің тозу деңгейін төмендетуді көздейді.

Ынталандырудың жаңа тәсілдері, табиғи монополия субъектілері басшыларының заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапкершілігін бекіту жолымен тұтынушылардың қаражатын пайдалануды бақылауды күшейтумен, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде кепілді қызмет көрсету жөніндегі мердігер ұйымдарға, сондай-ақ, инвестициялық бағдарламалардың іске асырылуын бағалау жөніндегі техникалық сараптама ұйымдарына қойылатын талаптарды арттырумен, шикізат, материалдар шығыстарының нормаларын айқындау жөніндегі стандарттарды, нормативтер мен қағидаларды өзектендірумен сүйемелденетін болады, отын, жұмысшылар саны, жөндеу жұмыстары және шығындар, сондай-ақ, табиғи монополия субъектілері үшін нормативтік-техникалық шығындарды қарау және бекіту жөніндегі құзыретті бекіту арқылы жүзеге асырылады.

Жаңа тарифтік саясатта халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылатын болады.

Мәселен, 2022 жылдың  шілде айының 1 жұлдызынан бастап еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде атаулы  және тұрғын үй көмегін алатын тұтынушылар үшін газдың құны 20%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, табысы төмен тұтынушылар үшін коммуналдық төлемдерді төмендетуге бағытталған тұрғын үй көмегі бағдарламасы іске асырылуда.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты бойынша тарифтік саясатты реформалау үшін желілердің тозу көрсеткіштерін кезең-кезеңімен 15%-ға төмендету қажет.

Осы көрсеткішке қол жеткізу мақсатында, негізгі құралдарға техникалық аудитті және инфрақұрылымның тозу деңгейі жоғары субъектілерді айқындауды жүргізу жүзеге асырылатын болады.

Жаңа тәсілдерді енгізуден күтілетін нәтиже, ол табиғи монополиялар салаларына жаңа инвестицияларды ынталандыру, жаңғыртылатын объектілерді пайдалану мерзімдерін ұлғайту, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділік стандарттарын арттыру, қосымша қаржыландыру көздері есебінен тарифтерді қалыпты өзгерту, желілердің тозу көрсеткіштерін және жоспардан тыс ажыратулар мен авариялар санын кезең-кезеңімен төмендету болып табылады.

Бүгінгі күні ел экономикасындағы табиғи монополиялардың түйінді маңыздылығын ескере отырып, осы саладағы мемлекеттік саясат монополистер қызметінің тиімділігін арттыруға қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

Осыған байланысты, ТМРК мынадай міндеттерді іске асыратын болады:

- монополистердің экономикалық және техникалық мүмкіндіктерін жеке талдау;

- делдалдық таратушы монополиялық ұйымдарды қысқарту;

- білікті қызметкерлерге еңбекақы төлеудің лайықты деңгейін қамтамасыз ету;

- қуаты аз субъектілерді біріктіру арқылы мемлекеттік табиғи монополия субъектілерінің қызметін оңтайландыру;

- бюджеттік қаражат есебінен салынған иесіз желілерді және объектілерді табиғи монополия субъектілеріне сенімгерлік басқаруға беру;

- монополистердің қарыз қаражатын тарту рәсімдері мен шарттарын міндетті түрде келісу.

Осы міндеттерді орындау мақсатында, мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдеріне қоғамның қағидатты қатысуын қамтамасыз ететін плюралистік тәсіл қажет.

Бұл азаматтардың денсаулық қауіпсіздігін арттыруды, коммуналдық қызметтер қызметкерлерінің кірісін ұлғайтуды және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді іске асыруды қамтамасыз ету нәтижесінде белгілі бір синергиялық кепіл болады.

Бүгінгі күні, табиғи монополиялар инфрақұрылымына инвестициялар тарту кезінде қолданылатын шығын әдісі шығындарды оңтайландыру, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру, сондай-ақ, табиғи монополия субъектілері қызметінің тиімділігі бөлігінде экономикалық ынталандырудың болмауына байланысты өзінің шектеулігін көрсетті.

Сондай-ақ, үнемдеу орын алған жағдайындағы қаражатты мемлекет алып қояды, яғни, бұл оны басқаруға және қызметті жақсартуға мүмкіндік бермейді.

Жаңа тәсілдерді іске асыру шеңберінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, ынталандыру қағидаты бойынша баламалы әдістің мүмкіндіктері қарастырылады.

Табиғи монополия салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру нәтижесінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу кезінде монополистің иелігінде табыстың белгілі бір үлесін сақтау, әлеуметтік және инфрақұрылымдық сипаттағы басым бағыттарға шығындарды дербес қайта бөлуге мүмкіндік беру, инновациялық шешімдерді енгізуге және жабдықтарды жаңғыртуға ынталандыру және инвестициялар көлемін ұлғайту күтіледі.

Осылайша, жаңа инвестицияларды ынталандыру тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы салаларын дамыту үшін оң нәтиже береді, монополистер қызметінің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің сапасын және түпкілікті тұтынушылардың қанағаттануын арттыруға ықпал етеді.

Бұдан әрі тарифтік саясаттың новелласы, тұтынушының қаражатын мақсатты пайдалануды қатаң бақылаумен, халықтың мұқтаж топтарын әлеуметтік қолдаумен, табиғи монополиялар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз етумен сүйемелденетін болады.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
21 октября 2022
Дата обновления
21 октября 2022
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы