Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлемдерді қайта есептеуді жүргізуді шешті. Сомасы 1214,94 мың теңге ҚҚС мен (оның ішінде "Маңғыстаужылу" МКК 167,83 мың теңге, "Өзен Жылу" МКК 958,51 мың теңге, "Каспий коммуналдық қызметі" ЖШС 88,6 мың теңге) есептеу аспаптары жоқ халыққа қайтарылуға жатады. Қайта есептеу жылумен жабдықтау бойынша қызметтердің ережелеріне сәйкес сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізілді. Есептеулер төлем құжатында 2021-2022 жылғы алдағы жылыту кезеңінде тұрғын үй алаңына байланысты "қайта есептеу" тармағын көрсете отырып, арнайы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар есептеу кезінде көрсетілетін болады. Ал тұтынушылар үйге ортақ жылу есептеу құралдарына көшкенде, олар жылу энергиясының нақты тұтынылған көлемі үшін есеп төлеуге міндетті болады және бұл ретте қайта есептеуді жүргізудің қажеті жоқ.